05 мам, 2021 сағат 15:59

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары сатылымға шығады


Қазақстан Ұлттық банкі 2021 жылы 6 мамырда ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының сатылымға шығатынын хабарлады.

Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Ол үшін қолданушылар тіркеліп, жеке кабинет ашуға тиіс.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары – 999,9 жоғары сынамалы, сапасы жоғары алтын монеталар. 

Инвестициялық монеталардың ерекшелігі – бұл монеталар жасалған металдың өзіндік құны мен салмағына байланысты табыс әкелетіндігінде. Сондай-ақ, ережелерге сәйкес, инвестициялық монеталарды Ұлттық Банк кері сатып алуға қабылдай береді және олардың құны монетадағы металдың салмағына қарай есептеледі.

Барлық номиналдағы инвестициялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құнына сәйкес кез келген төлем түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есепке жазу үшін және аудару үшін қабылдана береді, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

ALTYN BARYS инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. 

2021 жылғы таңбамен соғылған ALTYN BARYS инвестициялық монеталарының суреті мен сипаттамасы

Аверс

Реверс

Номиналы: 10 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 16 мм

Массасы: 3,11g (1/10 oz)

Қыры: бедерлі

Аверс

Реверс

Номиналы: 20 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 20 мм

Массасы: 7,78g (1/4 oz)

Қыры: бедерлі

Аверс

Реверс

Номиналы: 50 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 25 мм

Массасы: 15,55 g (1/2 oz)

Қыры: бедерлі

Аверс

Реверс

Номиналы: 100 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 32 мм

Массасы: 31,1g (1,0 oz)

Қыры: бедерлі

Аверс

Реверс

Номиналы: 200 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 38,61 мм

Массасы: 62,2g (2,0 oz)

Қыры: бедерлі

Аверс

Реверс

Номиналы: 500 теңге

Металл құрамы: Au 999,9

Диаметрі: 50 мм

Массасы: 155,5g (5,0 oz)

Қыры: бедерлі