05 қыр, 2019 сағат 17:27

Алтай Көлгінов «Жанұя» орталығында азаматтарды қабылдады

Қала әкімі Алтай Көлгінов бір жарым апта бұрын ашылған «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталықта «бір терезе» қағидасы бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Тұрғындар АӘК және білім алу, жұмысқа орналасу, өз ісін ашу, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және тағы басқа сұрақтарға жауап ала алады. 

Азаматтарды жеке қабылдау барысында оқушылардың ата-аналары жалпыға бірдей міндетті оқу қоры аясында сертификат алудың ыңғайлылығын атап өтті.

«Бұл өте ыңғайлы. Бұрын сапасыз және кең киімдер келетін еді. Қазір міне біз өзімізге ұнайтын киімді, бағасы мен сапасын салыстыра отырып, таңдау жасай аламыз», - деді қала тұрғындары.

Көптеген азаматтар тұрғын үй мәселелері бойынша келген. Қала әкімі А. Көлгінов егер жазда кезекте 46 мың адам тұрса, қазір бұл көрсеткіш 47,5 мың адамға дейін артқанын атап өтті.

«Тұрғын үй мәселесі бір күнде шешілмейді. Кезекте 47,5 мың адам тұр. Бірнеше тұрғын үй бағдарламасы бар. Олардың бірі - «Бақытты отбасы» бағдарламасы, несие мөлшерлемесі 2 %-ды құрайды. Кезектен тыс пәтер беруге мүмкіндігіміз жоқ. Құжаттарды жинау, кеңес беру, білім беру және жұмысқа орналастыру бойынша көмектесеміз. Келесі жылы біз елордада қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін 3 есеге ұлғайтамыз. Бірақ кезекте тұрғандардың саны да өсіп келе жатқанын түсіну керек», - деді А. Көлгінов.

Сондай-ақ, қабылдау барысында төртінші сынып оқушысының анасы 1 қыркүйекте ашылған №87 мектеп-лицейге баласын жіберетіні туралы шешім қабылданды. 9 апта ішінде қала әкімі 300-ден астам адамды қабылдады. Өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.