Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында жөнделіп жатқан Ленин ескерткіші қирап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Алтай қаласының орталығында орналасқан Лениннің ескерткішін жөндеуге аудан әкімдігінен қаражат бөлінген. 15 тамыз күні жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компанияның жүктиегіш көлігі ескерткішті құлатып, қиратып алған.
Аудан әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта осыған орай тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Ескерткіштің жөндеу жұмыстары кезінде құлап кетуіне байланысты құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы содан кейін белгілі болмақ», - деп қысқа қайырды әкімдіктен.
Әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания өкілінің видеосы тарады. Онда ол ескеркішті өз қаражаттарына қалыпқа келтіретіндігін жеткізген.