Фото: Polisia.kz
Алматы қаласының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Polisia.kz-ке" сілтеме жасап.
Синтетикалық есірткінің дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген, алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.