21 қар, 2019 сағат 08:29

Алматының Даму стратегиясы қоғамдық талқылауға ұсынылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясын қоғамдық талқылауға ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті достар, қаламыздың даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынамын. Тек алматылықтарды ғана емес, басқа да бейжай қарамайтын азаматтарды дұрыс сын-пікір білдіруге шақырамын», - деп жазды әкім Instagram-парақшасында.

Стратегия мәтіні Almaty-2050.kz сайтында және қалалық газеттерде жарияланады. Тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдай алады.