Алматыда жол айырықтардың орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алматының Әуезов және Медеу аудандарында орналасқан бес көлік жолайрығында жөндеу жұмыстары аяқталды. Нақтырақ айтсақ, орташа жөндеу тіреу қабырғаларына жүргізілді.
Бұл жолайрықтар 10 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген. Кейбір бөліктерінде плиталар құлап, жауын суы аққан.
Сәуірдің 13-нен 14-не қараған түні жөндеу жұмыстары Саин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында басталды. Содан кейін Саин және Жандосов, Саин және Шаляпин көшелерінде, әл-Фараби даңғылы мен Назарбаев даңғылы, әл-Фараби даңғылы мен Достық даңғылында жүргізілді.