Алматы әкімдігі қаланың бірқатар көшелерінде жарық шамдары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қыркүйек айынан бастап МЖӘ бағдарламасы аясында қаланың 7 негізгі көшесінде (Сүйінбай даңғылы, Т.Рысқұлов даңғылы, Райымбек даңғылы, Б.Майлин көшесі, С.Сейфуллин көшесі, Хмельницкий және Т.Жароков көшелері) сыртқы жарықтандыру жүйесіне модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 90% аяқталды. Жоғарыда аталған көшелерде жарықтандыру тестілеу режімінде жұмыс істейді, пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты жарықтандыру құрылғылары дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін», - деп хабарлайды Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының өкілі.
Басқармасы өкілдері тұрғындардан жарық құрылғыларының дұрыс жұмыс істемей тұрғанын байқаса «Алматы Қала Жарық» сервис ұйымының диспетчерлік қызметіне хабарласуын сұрайды.