25 шіл, 2022 сағат 18:17

Алматылықтарды 300 млн теңгеге алдаған алаяқ әйел ұсталды


Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен әйел ұсталды. Полицейлер мәліметінше, ол тендер ұтып алуға көмектесемін деп, алматылықтарды 300 миллион теңгеге алдап кеткен - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әуезов ауданы полицейлері 37 жастағы С. есімді әйелді ұстаған.

"Қылмыстық іс материалына сәйкес, күдікті "жақсы таныстары барын" айтып, адамдарға тендерлерге қатысуға, оны жеңіп алуға көмектесуге уәде берген. Қазір біздің бөлімшеде С. есімді әйелдің қатысы бар бес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Жәбірленушілерге келтірген материалдық шығын көлемі 300 миллион теңге. Күдікті қазір қамауда отыр. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Әйелдің басқа да эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталады", – деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілқайыр.