17 мау, 2022 сағат 10:40

Алматылықтар The Finiko қаржылық пирамидасына 2 млн долларға жуық қаржы салған


Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласындағы аумақтық департаменті прокуратурамен бірлесіп «The Finiko» қаржы пирамидасы филиалының басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Finiko» ұйымдастырушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу барысында 300-ден астам адам арыз беріліп, шығын көлемі 1,8 миллион АҚШ долларын және 630 миллион теңгеден астам соманы құраған.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, «Thefiniko» симулятор болып табылады және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп ақша салады, ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген. Қылмыстық іс бойынша үш адам қамауға алынып, басқа тұлғалардың қатысы анықталуда" - делінген хабарламада.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.