Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқан азаматтар Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойды, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Шараға қала басшылығы, Ардагерлер кеңесі, саяси партиялар және қоғамдық бірлестіктер басшылары, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар, жастар ұйымдарының мүшелері, қала тұрғындары қатысты.
Бұл рәсім үрлемелі аспаптардың әскери ансамблінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті.
Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері салтанатты маршпен жүріп өтті.