26 ақп, 2022 сағат 16:35

Алматылық тергеуші: “Мақсат қаланы сақтап қалу болды”


Алматы қаласы ПД Алмалы аудандық ПБ Тергеу бөлімінің тергеушісі Ербол Нұрманов өзі куә болған оқиғамен бөлісті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол шерудің алғашында бейбіт сипатта болғанын атап өтті. Алаңға жиналғандар жай ұрандатып тұрған. Бірақ кейіннен жағдай күрт өзгерген.

Ербол Нұрманов өз әріптестерімен бірге қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қала әкімдігінің алдында қызметте болған.

"Ешқандай провокацияға берілмей, ешкіммен сөйлеспей, ешкімге қарсылық көрсетпей, өз міндетімізді атқарып тұрдық. Жиналғандар бір-бірін бұрыннан танитындай амандасып жатты. Қойылған қоршауларға жақындап "біз жаққа өтіңдер!" дегендер де болды", - дейді ол.

Тергеушінің айтуынша, бүлікшілер тіпті қызметтік әскери көліктерді де тартып алған.