«Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Медеу аудандық филиалының өкілдері №2 қалалық емханасының партия мүшелерімен бірлесе отырып, «Қарттар күніне» арналған қайырымдылық түскі ас өткізді.
Шара барысында емхананың бас дәрігері Тоғжан Есбергенова зейнеткерлерге еліміздің игілігі жолындағы көп жылғы еңбегі үшін алғыс айтты. Ақ дастархан жайылып, арнайы концерт қойылды.
Сондай-ақ, Әуезов ауданының «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» әлеуметтік қызмет жөніндегі мамандар зейнеткерлерге арнайы концерттік бағдарлама өткізді. Оған Smart-мектебінің оқушылары мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің ұжымы қатысты.
– Партия өкілдері бізге әрқашан көңіл бөледі. Әртүрлі іс-шараларға шақырады, көмектеседі. Бүгін өте жақсы уақыт өткіздік. Ән айтып, би билеп, дәмді түскі ас берілді. Ұйымдастырушыларға үлкен рақмет, – дейді «Үміт» зейнеткерлер клубының мүшелерінің бірі.
Халықаралық қарттар күніне орай қала, аудан әкімдіктері, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары алматылық қариялар үшін көптеген іс-шаралар өткізуде. Қарттар айлығы науқаны аясында оқушылар мен студенттер де алдыңғы буын өкілдеріне сыйлықтар беріп, қажетті көмек көрсететін болады.