Алматыда қарашаның бесі күні жауын жауып, арты қарға ұласады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің болжамы бойынша, Алматыда 4 қарашадан 5 қарашаға қараған түні қар аралас жаңбыр жауып, 6 қарашаның бірінші жартысына дейін үзіліссіз жалғасады. 5 қарашада ауа температурасы шамамен 0 градус болып, күндіз 5-тен 7-ге дейін жылынады. 5-6 қарашада түнде сынап бағанасы -1 дейін төмендейді, ал күндіз 2-4 градус жылы болады.
Алматы көшелерінде көк тайғақ болуы ықтимал. Әсіресе, әл-Фараби даңғылынан жоғары аумақтағы жолдарда көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақ болу ескертілді.
«Тротуарларда, әл-Фараби даңғылының жоғары бөлігіндегі жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Сондықтан жүргізушілер көлігіне қысқы доңғалағын салып алғаны жөн. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз» делінген әкімдік хабарламасында.