Алматыда миллиондап ақша жымқырған есепші сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алмалы аудандық сотының судьясы сотталушыны ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлімімен айыпты деп тауып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, әйел «ЕФК» АҚ есепші болып жұмыс істеп жүргенде корпоративтік табыс салығын әдейі 91 094 472 теңгеден 257 397 508 теңгеге өсіріп көрсеткен. Кейін арадағы айырмашылықты өз қалтасына басып қалған.
2016 жылы бюджетке төленетін міндетті салық пен басқа да төлемдерді әрі компания қажеттіліктерін желеу етіп өз картасына 166 036 908 теңге аударған.
Сот процесінде сотталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Ол өзінің науқас анасын емдеу үшін осындай қадамға барғанын айтты.