Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жапондық сарапшымен жер сілкінісі туралы алдын-ала ескерту жүйесін орнатуды талқылады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз Challenge Co., Ltd бас директоры Kазуо Сасакимен Алматыда жер сілкінісі туралы алдын-ала хабарлайтын жүйені орнату туралы мәселені талқыладық. Сасаки мырза — сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласының танымал сарапшысы, жобаның серіктесі болуға дайын. Ол әлемдегі неғұрлым сейсмикалық қауіпті аймақтарда қолданылған қондырғының артықшылықтары туралы айтты», - деп жазды Алматы әкімі Instagram -дағы парақшасында.
Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, Алматыдағы сейсмология Институты мамандарының мәліметіне сәйкес қалада 25-35 станса орнату қажет.
Айта кетерлігі, қауіпті ескертетін заманауи жүйелер – сейсмикалық қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кешенді шараларді ажырамас бөлігі.