Қазақстандық сейсмологтар Алматыдан 374 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
«11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 07:13-те жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,2. Магнитудасы – 4,2. Тереңдігі – бес километр» деп жазылған сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияның сайтында.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан оңтүстікке қарай 374 шақырым жерде орналасқан. Сезілгені туралы ешқандай мәлімет жоқ.