Фото: видео скрині
26 қаңтарда түнде Алматыдағы Сүйінбай даңғылының бойында №13 әскери қалашық маңында жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"BMW көлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай келе жатқан. Шамасы жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік сырғанап, ағашқа соғылды. Содан кейін инерциямен шам бағанасына соқтығысты", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
2004 жылы туған жүргізуші ауыр жарақат алған. Оны жедел жәрдем бригадасы 4-қалалық ауруханаға жеткізген. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақаты салдарынан оқиға болған жерде мерт болды.
Бұл деректі тергеумен Алматы полиция департаменті анықтау басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.