27 шіл, 2022 сағат 17:14

Алматыдағы жазатайым оқиға: кранның неге құлағаны белгілі болды


Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Алматы қаласындағы құрылыс объектісіндегі жазатайым оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, 26 шілдеде «Жетісу-3» ықшамауданы, 55А учаскесінде сағат 17:30 шамасында "Алматау Строй Гарант" ЖШС құрылыс алаңында оқыс оқиға болған.

"Алдын ала деректер бойынша, мұнара кранын бөлшектеу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан жебе секциясы аударылып кеткен (жебе секциясы тиісті түрде бекітілмеген). Жазатайым оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, олардың біреуі оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі бас-ми жарақатын алып, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері.

Бұл ретте 2021 жылдың қарашасынан бері құрылыстың тоқтап қалуына байланысты кран жұмыс істемей тұрғаны хабарланған. Ол 2021 жылы шығарылған, меншкі иесі - "Поток-8" ЖШС.

Алматы полициясы мәліметінше, марқұм құрылыс учаскесінің слесары болған. Ер адам 33 жаста еді. Ол оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта Алматы қалалық ПД жедел-тергеу тобы тергеу жұмыстарын бастаған.

Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚК мәліметінше, қазір марқұм мен құрылыс ұйымы арасындағы еңбек қатынастары туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

"Тергеу жүргізу үшін кранды басқарған ұйым мен бөлшектеу жұмыстарын жүргізген адамдар тобы арасындағы еңбек қатынастарын анықтау қажет. Еңбек қатынастары әлі орнатылмаған. Егер олардың арасында еңбек шарты болса, онда тергеуді еңбекті қорғау органдары бекітеді.

Олар комиссия құрады, оның құрамына Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің (ӨСМ) өкілі де кіреді. Егер еңбек қатынастары болмаса, тергеуді тергеу органдары жүргізеді", - деді ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетіндегілер.

Еске салайық, бір күн бұрын Алматыда құрылыс краны тұрғын үй ауласы ортасына құлап, бір адам қаза тапқан болатын.