14 ақп, 2020 сағат 10:12

Алматыдағы тиін арт нысаны басқа жерге көшіріледі

Алматыдағы алып тиін Атакент аумағына көшірілмек. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алтай Рахымбетовтың айтуынша, басқа жерге ауыстыру жұмыстары наурыз айында басталады.

«Арт нысанға қатысты тұрғындардың пікірі екі бөлінген. Бірі құптасы, енді бірі қарсы. Қоғамдық пікірді ескере отырып, мүсінді толық бұзбаймыз деп шештік. Бірақ «Атакент» аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды», - деді аудан әкімі.

Бұған дейін, әкімдік алып тиін бұзылады деп хабарлаған еді.