16 ақп, 2022 сағат 12:30

Алматыдағы тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция үлгісіндегі «азаптау камералары» бар - фейк


Алматыдағы тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция үлгісіндегі «азаптау камералары» бар деген ақпарат жалған. Бұл туралы ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта ақпарат кеңістігінде тергеу изоляторлары қабырғасында жасалған зорлық-зомбылық делінген жалған хабарламалар жаппай таратылып жатыр. Олардың шындыққа жанаспайтындығын, қоғамды адастыратындығын және орын алып жатқан шынайы жайтты бұрмалайтындығын жауапкершілікпен мәлімдейміз. Тіпті онымен қоймай, Қазақстанның сыртында жүргендер Алматыдағы тергеу изоляторында ортағасырлық инквизиция үлгісіндегі «азаптау камералары» бар деген «фейк» хабар таратып жатыр. Бұл мүлде жалған және мүмкін емес ақпарат»», -деді Мейрам Аюбаев Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.