29 қаң, 2019 сағат 14:15

Алматыдағы тауларда жасанды қар көшкіні жүргізіледі

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында төтенше жағдайлар қызметінің таудағы оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл оқу-жаттығу қаңтардың 31-нен ақпанның 2-не дейін жалғасады. Құтқарушылар «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп жасанды қар көшкінін жүргізеді. Департаменттін болжауынша, бұл күндері тауда қалың қар жауады.

«Шымбұлақ» әкімшілігі бұл күндері тау-шаңғы курорты жұмыс істемейтінің ескертті.

Өз кезегінде, Алматы қаласының төтенше жағдайлар қызметі төніп түрған қауіпке байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына тауға бармау керектігін ескертеді.  

«Тауда демалатындар мен сырғанаушыларға түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп мәлім етті ТЖД өкілі.