14 қыр, 2022 сағат 11:16

Алматыдағы тау бөктерінде салынып жатқан құрылыс жоспардан тыс тексерілетін болды


Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі құрылыс нысанын жоспардан тыс тексеру туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әңгіме Көк Төбе іргесінде орналасқан Көлсай ықшамауданындағы құрылыс туралы болып отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 2022 жылдың басында 1,7 гектар жердің иесі ауысқан. Жердің жаңа қожайыны 200-ге жуық ағашты кесіп, жерді тегістей бастаған.

"Оның үстіне, ол жерде шағын бұлақ болған, суы кішігірім тоғанға құятын. Олар құбыр тартып, бұлақты көміп, тоған тартылып қалды. 

Бірақ болашақта одан да ауыр зардаптар болуы мүмкін. Өйткені, осы жерге тұрғын үй кешені мен коттедждер салғысы келеді. Уақыт өте келе бұлақ су қайта шығады, содан кейін үйлердің іргетасы бүлінеді. Алайда мұнымен ешкім айналысқысы келмейді, әркім өз пайдасын ойлайды", - дейді жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғайтын заңгер Ғабит Өмірбеков.

2022 жылдың 17 маусымындағы кадрлар

Құқық қорғаушы жаздың басында тұрғындар атынан әкімдікке үндеу жазғанын атап өтті. Біраз уақыттан кейін ол осы қағаздың көшірмесін алып, шенеуніктерге мәселені тағы да еске салған. Сонымен қатар, жаз ортасында Көлсай ықшамауданының тұрғындары журналистерге телефон соғып, республикалық телеарналарға жағдайын айтқан.

"Бәрі бір-біріне үндеуімізді жіберіп жатыр. Ағаштарды заңсыз кесу туралы арызды қабылдау үшін келтірілген шығын көлемін, яғни кесілген жасыл алқаптардың санын есептеу керек. Ал бұл - Жасыл экономика департаментінің міндеті. Жалпы, 200-ге жуық ағашты жойған учаске иесін жауапқа тарта алмаймыз.

Оның үстіне, жер иесіне құрылысты жалғастыруға ешкім тыйым сала алмайды. Осы уақытта ол аумақты белсенді түрде дамытуды жалғастырып жатыр. Қазір аумақты тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның бәрі жергілікті тұрғындар пікірімен санаспастан жасалып жатыр. Өйткені, олардың үйлері жақын жерде орналасқан. Ал болашақта жаңа үйлерге жүк көбейіп, басқа үйлерге зиян тигізуі мүмкін", - деп толықтырды заңгер.

2022 жылдың 12 қыркүйегіндегі кадр

Бұл ретте Алматы қаласының қала құрылысын бақылау департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізетінін хабарлады.

"Әкімшілік жер телімінің иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді, оның қорытындысы туралы қосымша хабарланады", - деді ведомство өкілдері.