Президент Іс басқармасы Алматыдағы Мемлекет басшысының резиденциясы неге сүрілетінін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ПІБ баспасөз қызметі мәліметінше, сарапшылар резиденция ғимаратының "пайдалануға жарамдылығы шектеулі" деген қорытынды жасаған.
"Өрт пен өте жоғары температура салдарынан барлық жүк көтергіш құрылым мен шатырдың негізі саналатын металл элементтері зақымданған. Ғимараттың сақталып қалған бөлігіндегі өрт иісін толығымен жою мүмкін емес.
Оның үстіне бүгінде нысанның кейбір құрылымдық элементтері қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді. Ғимараттың негізгі құрылымдарын қалпына келтіру және оның сейсмикалық нығайтылуына орасан зор күрделі салымдар қажет", - деді Президент Іс басқармасы өкілдері.