Алматыда ағаштарды өртеген адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бейнекамералар және куәгерлік айғақтардың көмегімен Бостандық ауданындағы өрт орнында күдікті ер адам анықталды. Бұл - 1968 жылы туған ер адам. Ол от жаққанын мойындады", - делінген хабарламада.
Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған.
Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталатынын айтты.
Еске салайық, кеше, 6 қыркүйекте Алматыдағы "Көк Төбе" маңында қасақана өрт қойды деген адамның видеосы тараған болатын.