Бүгін Алматыда қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев пен қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова брифинг өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, коронавирус жұқпасы табылған тұлғалардың жағдайы тұрақты.
«Бір пациент 9 наурызда Алматыға келген. 1б санаты бойынша үй карантинінде жатқан. Екінші пациент 12 наурыз түнде Германиядан келді. Бұл уақытта бұл ел 1а санатына өткен. Сол үшін келген 12 жолаушы экипажбен бірге И.Жекенова атындағы инфекциялық ауруханада стационарға оқшауланған. Барлығы ДДҰ протоколына сай емделіп жатыр. Қазір барлығы 1 санат бойынша көпрофильді стационарларда 476 адам жатыр. №1 көпбейінді медициналық орталықта - 197, 2 ауруханада – 168 адам, №1 ауруханада - 111 адам карантинде жатыр»,- деді Т.Әбілдаев.
Басқарма басшысының айтуынша, қалада қажетті дәрі дәрмек пен зарарсыздандыру құралдары жеткілікті.
Еске сала кетсек, бұған дейін басқарма басшысы Алматыда коронавируспен күреске қанша қаражат бөлінгенін айтқан еді.