almaty_kris_p/видео кадры
Алматы Полиция департаменті өкілдері Әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатының мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматының Instagram-пабликтерінде оқиғаның видеосы пайда болды.
Полиция мәліметінше, 2022 жылы 17 шілдеде сағат 18:00 шамасында Kia Rio көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатқан. Бір кезде жүргізуші рөлді тізгіндей алмай, өтіп бара жатқан Subaru Legacy көлігімен соқтығысқан. Одан әрі соққы инерциясынан Subaru қарсы жолаққа шығып кетіп, Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатқан Lada 21114 көлігімен соқтығысқан. Kia Rio көлігі ағашқа соғылып, аударылып қалған.
"Жол апаты салдарынан Kia Rio жүргізушісі зардап шекті. Сондай-ақ, Lada 21114 жүргізушісі мен Subaru Legacy көлігіндегі жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Бұл факт бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД Анықтау басқармасының бастығы полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
455 рет оқылды