16 нау, 2023 сағат 18:43

Алматыдағы балабақшалардың біріне қатысты дау шықты


Әлеуметтік желіде Алматыдағы №164 балабақшада балаларға берілген тамақтың видеосы тарады. Кадрларда кішкентай бүлдіршіндер нан мен жұмыртқа ғана жеп отырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодағы ер адам кішкентай балалар жеп отырған тамақты ересектер де жей алмайтынын айтады.

"Жұмыртқа мен нан жеп отырғандары. Қара шай, компот. Қара шайға нан салып жейді. Бұл - мемлекеттік балабақша", - дейді видеодағы ер адам.

Алматы қаласы Білім басқармасы өкілдері осы видеоға қатысты пікір білдірді.

"Осы жағдайға қатысты жан-жақты тексеріс жүргізу үшін мониторинг топ құрылды. 20 наурызға дейін бақылау комиссиясы өз жұмысын аяқтауға тиіс. Қазір Алматы қаласы білім басқармасының қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға кетті. Тексеру нәтижелері қосымша беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.