24 шіл, 2024 сағат 13:32

Алматыдағы ауруханалардың бірінің жанынан мәйіт табылды


Фото: ашық дереккөзден

Алматыдағы № 1 қалалық аурухананың жанында киімшең әйелдің мәйіті жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

«Зорлық-зомбылықпен өлім белгілері жоқ адамның мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа жағдайлар белгіленеді», деп хабарлады Полиция депортаменті баспасөз қызметі.