Алматыда үш қонақүйден жезөкшелер ордасы әшкереленді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Екі қонақ үй кешені - Түрксіб ауданында, бір қонақ үй Әуезов ауданында болған.
«Өткен аптада полиция арнайы рейд жүргізді. Тексеру нәтижесінде 3 қонақ үйде заңсыз жыныстық қатынас қызметі ұйымдастырылғаны анықталды. Бұл жолы біз ЖИТС орталығы мамандарын тарттық. Олар жылжымалы зертхана арқылы әйелдерді тексерді», - деді қалалық ПД басқарма басшысы Жанболат Зиадин.
Барлығы полицияға 30 әйел жеткізілді. Олардың 3-і Өзбекстан азаматшалары болып шықты.
Белгілі болғандай, бұл азаматшалар осы қонақ үйлерде тұрақты қызмет еткен. Ғимарат иелері заң алдында жауапкершілікке тартылатын болады.
11 ақпанда басталған операция нәтижесінде арнай топ 245 әйелді бөлімшеге жеткізген. Олардың 3-і Ресей Федерациясының, 6-ы Өзбекстанның, 6-ы – Қырғызстанның, 1- Украина азаматшасы болып шықты. Жеке құжаты жоқ әйелдер ПД уақытша оқшаулау орнына қамалды.