24 қаз, 2019 сағат 14:32

Алматыда жылу құбырының жарылуы: Тұрғындар сусыз қалды

Алматы әкімдігі жылу құбырының жарылу себебін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Райымбек даңғылы бойында жарылған жылу құбырының тозығы жеткен. Ол осыдан 48 жыл бұрын төселген. Оның диаметрі - 800 мм.

«Төтенше жағдай 24 қазанда сағат 15:00-де тіркелді. Қазір ол жерде «Алматы жылу желілері» ЖШС-нің жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Апатты жоюға 3 арнайы техника, 1 экскаватор, 2 самосвал, 15 жұмысшы жұмылдырылды», - деді әкімдік.

Еске салсақ, Алматыда жылу құбырының жарылғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, он күн бұрын дәл осы Райымбек даңғылында жылу құбыры жарылып, көшелерді ыстық су басқан.