29 қаз, 2019 сағат 08:43

Алматыда жыл басынан бері 29 мың жаңа жұмыс орны ашылды - Бақытжан Сағынтаев

Алматыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңес өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған кеңесте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың 9 айындағы дамудың негізгі нәтижелеріне және қаланың алдында тұрған түйінді мәселелерге қысқаша тоқталып өтті.

«Қазіргі көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетіп отыр. І-ші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім өсімі 4,1%-ды құрады. Өнеркәсіп 5,9%-ға артты. Инвестиция – 5,5%-ға, құрылыс - 3,1%-ға,тұрғын үйді пайдалануға беру - 2,8%-ға өсті. Инфляция 3,3%-дан аспайды. Жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 29,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық өткен жылға қарағанда 12,4%-ға көп жиналды»,- деді Бақытжан Сағынтаев.