13 шіл, 2018 сағат 15:19

Алматыда жүздеген көшенің атауы өзгеруі мүмкін

Алматы әкімдігі Алатау және Бостандық ауданындағы бірқатар көшелердің атауын өзгерту туралы қаулыны қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы әкімдігінің қаулысы egov.kz порталында жарияланды. Жаңа қаулы 27 шілдеге дейін қоғам талқылауында болмақ.

Жобада көрсетілгендей, қаулы ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясы қорытындысының негізінде және халықтың пікірін ескере отырып жасалған.

Атауы ауыстырылатын көшелердің толық тізімін мына жерден көруге болады.