Фото: © Sputnik / Абзал Калиев
Алматыдағы жұмыспен қамту орталығының мамандары 370 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
"Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді" - делінген хабарламада.
Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергеліп жатыр.