Алматыда «Лексус» пен «Хово» жүк көлігінің соқтығысуының салдарынан екі жігіт мерт болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Жол апаты түнде Бостандық ауданында болған. Розыбакиев көшесімен төмен қарай келе жатқан «Лексус» көлігі бағдаршамның қызыл түсіне тоқтап тұрған «Хово» жүк көлігімен соқтығысады.
Оқиғаның салдарынан 20-21 жас аралығындағы екі жігіт оқиға орнында көз жұмды.
Ал көлік жүргізушілерінің бірі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Қалалық Полиция депаратментінің хабарлауынша, қазір ҚР ҚК 345-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында қажетті сараптамалар тағайындалады.