Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар оқушы қыз еріктілер көмегінің арқасында аман-есен табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қыз троллейбустан табылды. Ол күні бойы қоғамдық көлікте жүрген болуы да мүмкін. Біз басқа жағдайларды міндетті түрде анықтаймыз. Ең бастысы - балада бәрі жақсы. Патрульдік полиция қызметкерлері оны ата-анасына тапсырды. Өз кезегінде Алматы қаласының полициясы қызды табуға жан-жақты көмек көрсеткен қамқор азаматтарға шексіз алғысын білдіреді", - дейді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полицияның бастығы Жанна Шонжанова.