24 мау, 2022 сағат 15:15

Алматыда жоғалған 15 жастағы жасөспірім өлі табылды


Алматыда жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Медеу аудандық полиция басқармасына 2007 жылы туған баланың жоғалғаны туралы ақпарат 23 маусым күні түскен. 

«Тергеу тобы бүгін қаладағы бау-бақша қоғамының бірінен денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар баланың өлі денесін тапты», - деп хабарлады полициядан. 

Полицейлер 16 жастағы жасөспірімді ұстады. Күдікті арадағы жанжалдан кейін досын өлтіргенін мойындады. 

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.