22 қар, 2019 сағат 16:44

Алматыда жоғалған 11 жасар жетім бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен 11 жастағы Артур Федоров аман-есен табылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Баланы құқық қорғау органдары 5 күн бойы іздестірген болатын.

«Бала дін аман. "Жанұя" балалар үйіне тапсырылады. Оны іздестіруге 200 жуық адам атсалысты», - деп мәлім етті қалалық Полиция департаментінен.

Мұның алдында 11 жасар жетім бала Артур Федоров тәтесінің үйінен 17 қарашада шығып кеткенін жазған болатынбыз.