15 қар, 2022 сағат 16:26

Алматыда жезөкшелер үйі әшкере болды


Алматыда тағы бір жезөкшелер үйі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәсіпкер әйел - 34 жаста. Ол Шығыс Қазақстан облысынан келген.

"Сауықтыру массажы мекемесі ретінде танылған оның салонында 7 массажист-әйел жұмыс істейді, жедел деректерге сәйкес, олардың қызметіне жыныстық қатынас та кіреді. Әйелдер ПД-ға жеткізіліп, олардың жеке басы қандай да бір заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексерілді. Үй иесі де анықталды. Ол жезөкшелікпен айналысуға саналы түрде үй-жай бергені үшін жауапкершілікке тартылды", - деді Алматы қалалық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Жанат Нұрғалиев.