Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындарына жер асты дүмпуі бүгін түскі сағат 15:07-де анық сезілді.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ҒМ ҒК «Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ЖШС хабарлағандай, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 5 шақырым қашықтықта болған.
Стансаның мәлімдеуінше, жер сілкінісі түскі 15:06:17 уақытта тіркелген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5, магнитудасы – 3,7.
Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.
Қала тұрғындарына 2-3 балл көлемінде сезілді.
Қалалық ТЖД жергілікті атқару органдары, прокуратура, «Қазселденқорғау» МКК, басқа да ұйымдарға шұғыл хабарландыру жіберді.