Алматыда жеке үйлерде интимдік қызмет көрсетілген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер қызметкерлер массаждан бөлек, жыныстық қатынас қызметін де көрсеткенін айтады. Мекеменің әкімшісі мен салонда жұмыс істейтін жеті қыз оқиға орнында ұсталды.
"Сол түні өздерін сауықтыру массажы салондары ретінде көрсеткен тағы екі нысан анықталды. ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жай берген мекеме иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар, 15 жеңіл жүрісті әйелге де әкімшілік шара қолданылды. Олардың көпшілігінің Алматыда тіркеуі жоқ. Жеткізілгендердің жеке басы қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылыққа қатысы бар-жоғы тексерілді", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.