Фото: ашық дереккөз
Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінше, қалада жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану дерегі анықталды, деп хабарлайды Ult.kz.
Тексеру барысында Наурызбай ауданы прокуратурасы сот орындаушысының борышкердің банк шотына салынған тыйымды заңсыз алып тастағанын анықтаған. Аталған шотта қарызды өтеуге жеткілікті қаражат болған.
Осының салдарынан өндіріп алушыға 35,6 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.
Сот үкімімен жеке сот орындаушысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығынан айырылды.
Айта кетейік, үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
