13 сәу, 2026 сағат 15:41

Адамдарды сиырға теңеген «ұстаз»-блогерге сот үкімі шықты


Фото: egemen.kz


Алматыда өзін «ұстаз» деп таныстырып, әлеуметтік желіде адамдарды сиырмен салыстырған блогер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Ult.kz.


Нұржан Смағұлов Instagram желісінде жариялаған видеосында қорлау сипатындағы пікірлер айтқан. Тергеу материалдарына сәйкес, ол атеистерді де сиырға теңеген.


Осы әрекетке байланысты Алматы қалалық Дін істері жөніндегі басқармасы оған қатысты әкімшілік хаттама толтырды.


Сот шешімімен Н.Смағұлов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 1-бөлігі 3-тармақшасы бойынша кінәлі деп танылып, 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде — 108 125 теңге айыппұл салынды.


Басқарма өкілдері азаматтардың сенімі мен дүниетанымына құрметпен қарау қажеттігін еске салды.