31 қаң, 2019 сағат 14:35

Алматыда жауған жауынның арты көктайғаққа ұласты

Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жеке көлігін пайдаланбауға кеңес берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматыда таңғы сағат 7-ден себелеп жауған жауын түске таман қатқаққа айналып, көктайғаққа ұласты. Ал таулы аймақта қар жауып жатыр. Жол бойындағы тротуарлармен жүру қиындай түсті.

«Автомобиль иелеріне жеке көліктерін үйлеріне қалдырып, қоғамдық көлікке отыруға кеңес берілді. Қажеттілік туған жағдайда жылдамдықты азайтуды ұмытпауды ескертеміз», - деді басқармадан.

Төтенше жағдайға байланысты қалалық коммуналдық қызметтер тəулік бойы кезекшілік ұйымдастырды.