Алматыда студенттер жатақханасының жанында жаппай төбелес болды. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ІІМ мәліметінше, 23 ақпанда сағат 23:00 шамасында Алматы қаласының Бостандық ауданында жастар арасында төбелес болған.
"Оқиға орнына бірден патрульдік полицияның бірнеше экипажы аттанды. Нәтижесінде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін деген 11 адам ұсталды.
ҚР ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігіне сәйкес, бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қақтығыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
видео: Sputnik Қазақстан Telegram арнасы