Алматыда Шәріпов көшесіндегі жылу трассасында болған апат салдары жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
11 қарашаға қараған түні сағат 01.50-де "Алматы жылу желілері" ЖШС бригадасы диаметрі 400 миллиметр құбырды қалпына келтірді. Сынақ жүргізілгеннен кейін жылу магистралі пайдалануға берілген және түнгі сағат 2.40-та жылу беру қалпына келтірілген. Қазір белгіленген режимде жұмыс жасап тұр.
Сондай-ақ, Шәріпов көшесіндегі көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Асфальт жабындысын ауа райы қолайлы болған жағдайда биыл 13 қарашаға дейін қалпына келтіру жоспарланған.
"Оқыс жағдай туындаса (су, бу шығарындылары) +7-727-378-06-65 телефоны бойынша "АлТС" ЖШС апаттық-диспетчерлік хабарласуды әрі өз бетінше әрекет жасамауды және болған оқиға туралы хабарлауды сұраймыз", - делінген Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарламасында.