Алматыда жалға пәтер беретін әйелдердің төбелесі видеоға түсіп қалды. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі krispi_kazakhstan-парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.
"23.10.22, таңғы 6-лар шамасы. Абылай хан - Райымбек. Мас әйелдер шабуыл жасады, жергілікті тұрғындар мұндай төбелес жиі болатынын жазып жатыр", - делінген видео сипаттамасында.
Таяқ жеген әйел полицияға жүгінген.
"Алмалы аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, Т. есімді әйелдің арызы тіркеліп, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Одан әрі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша іс жүргізу материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберіледі", - деді Алматы ПД баспасөз қызметі өкілдері.