23 там, 2022 сағат 16:43

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адам сотталды


ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласы мен Алматы облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған бір топ адамды анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомство деректеріне сілтеме жасап.

"4 ойын мекемесі мен 14 ойын нүктесі жойылды. 48 ойын терминалы мен 32 компьютерлік техника тәркіленді.

Қылмыскерлер 15 миллион теңгеден астам сома табыс тапқан. Сот үкімімен бес айыпталушы 2 жылдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

ҚМА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастыру, сондай-ақ ойын ойнауға үй-жайларды бергені үшін қылмыстық жаза қарастыратынын ескертеді.