Алматыда «Ізгілік елшісі – Акселератор добра» республикалық волонтерлер сьезі өтті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жиын барысында Қазақстандағы жаңа волонтерлік бағыт – құқықтық көмек бойынша ерікті көмек көрсету жобасы таныстырылды.
Аталған республиткалық волонтер қозғалысы қатарында Қазақстанның түкпір-түкпірінде 3000-ға жуық волонтер жұмыс істейді. Олар әлеуметтік, инклюзивті, құқықтық көмек көрсетумен айналысады.
«Ізгілік елшісі – Акселератор добра» жобасының жетекшісі Айнұр Сәбитова Мемлекет басшысы волонтерлерге 7 басым бағытты міндеттегенін айтты.
«Мемлекет басшысы мұны мемлекеттік органдарға тапсырма етіп бергені ерекше есте қалды. Бұл корпоравтиті волонтерлік ретінде тиімді жұмыс болатыны анық. Барлық мемлекеттік құрылым мен мемлекеттік қызметкерлер жастарымызға осы қызметті жүзеге асыруға көмектессе дейміз. Бүгінде көптеген мемлекеттік құрылымдар үн қосып жатыр. Мұнда әділет органдарының, «Қазақстан заңгерлер одағы» ресупбликалық ұйымының өкілдері отыр. Осы тұлғалармен бірігіп мұқтаж адамдарға көмек көрсетеміз», - деді Айнұр Сәбитова.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Волонтер жылы бүкіл Қазақстандағы еріктілер қозғалысының дамуына тың серпін беретінін айтты
«Әкімдік 2020 жылғы жұмыс жоспарын жасады. Жастардың барлық ұсыныстары сол құжатта көрініс тапты. Толықтыратын тұстарыңыз болса, тыңдауға әзірміз. Бүгінде қалада волонтер жұмысын жүргізетін арнайы штаб құрылады. Ол жерде волонтерлер мектебі ашылады. Сонымен қатар әлеуметтік, спорт, эко-волонтерлік, заң, корпоративті бағытта жұмыс жүргізіледі», - деді әкім орынбасары.