01 қар, 2022 сағат 14:32

Алматыда Виктор Цойға арналған тақтайшаларды бүлдірген ер адам ұсталды


Алматы полицейлері Төлебаев көшесіндегі Виктор Цойға арналған мемориалдық кешенге зақым келтірген вандалды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Алматының орталық ауданының тұрғындары Төлебаев көшесінің бойындағы аллеядағы вандализмге шағымданды. Биыл сол ауданның тұрғындары Виктор Цой ескерткішінің артындағы аллеяны қайта қалпына келтіріп, әншінің шығармаларынан алынған үзінділер жазылған екерткіш тақташалар қойған. Тұрғындардың айтуынша, жезден жасалған тақтайшалар арнайы тапсырыспен жасалып, әрқайсысының құны 80 000 теңгеден тұрады.

28 қазанда белгісіз қарт адам металл затпен тақтайшаларды әдейі сызған. Алты тақтайша зақымданған.

"Сәулеттік ансамбль қаланың туристік инфрақұрылымы үшін үлкен маңызға ие, себебі ол негізгі көрікті жерлер тізіміне енген. Өкінішке орай, бұзақылық салдарынан бүлінген белгілерді қалпына келтіру мүмкін емес", - деп жазылған жергілікті белсендінің парақшасында. 

Бейнежазба жарияланып, тұрғындар арыз жазғаннан кейін Алматы полициясы жағдайға байланысты жауап берді. Таақтайшаларды бүлдірген ер адам анықталып, ұсталды.

"Медеу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1952 жылы туған ер адамды ұстады, ол жасаған әрекетін мойындап, өкініп, бүлінген тақтайшаны қалпына келтіруге міндеттелді. Оның әрекеті ҚР ҚК 434 (Ұсақ бұзақылық) және 505-баптары бойынша сарапталған. Істің материалдары сотқа жолданады", - деді полицейлер.