11 сәу, 2022 сағат 16:58

Алматыда үйдің шатырынан полицейлерге оқ атқан снайпердің кім екені анықталды

© AP Photo / Vladimir Tretyakov

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ жаудырған снайпердің кім екені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Арнайы прокурорлар сот молекулярлық-генетикалық сараптама арқылы Алматы қаласында көз жұмған снайпердің жеке басын анықтаған.

"Барлығы 4 оқ атушы болды. Снайпердің денесін жақтастары өздерімен бірге алып кетіп, қалалық аурухана маңына қалдырып кеткен", - деді Қилымжанов.

Ол "С" есімді азамат болып шыққан. Қаңтар оқиғасы кезінде ол тұрғын үйдің шатырына шығып, Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне оқ атқан.

Қазіргі таңда қалған үш террористі анықтау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, деді бас прокуратура.